– 28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді, - делінген Президент жазбасында.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны мен 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы басталатынын мәлімдеген еді.
Үкіметке жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеу тапсырылған.