Президент Игорь Романовты ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Игорь Романов бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін наградталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметін басқарды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлескенін жазғанбыз.