Президент Іс басқармасының қызметкерлері сенбілікте 400 қап қоқыс жинады
13:38, 16 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін жер-жерде «Birge – taza Qazaqstan» атты республикалық экологиялық акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президенті Іс басқармасының қызметкерлері де таңертең аумақты тазалауға шықты.
«Бізге бекітілген учаскеде ҚР ПІБ орталық аппаратымен бірге ведомстволық қарасты ұйымдардың, яғни Медициналық орталық, Президент Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Инженерлік-техникалық орталық қызметкерлері жұмыс істеді» деп жазады Telegram парақшасында Президент іс басқармасының басшысы Айбек Дәдебаев.
Нәтижесінде 250 адам 400 қап қоқыс жинаған.
Іс басқармасының басқа кәсіпорындарының қызметкерлері де сенбілікке шықты және қоғамның экологиялық бастамасын қолдай отырып, өздеріне бекітілген учаскелерді тазалады.