Президент Қанат Бозымбаевқа энергетиканы жандандыру жөнінде тапсырма берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-ЖомартТоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысыжөнінде мәлімет берілді.

ҚазақстанПрезидентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы,мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатынинвестициялардың оң қарқыны туралы баяндалды.

Мемлекетбасшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмыстыжандандыра беру жөнінде тапсырма берді.

Қанат Бозымбаев Қашағанда кенішінде тәулігіне380 мың баррель мұнай алына бастағанын Мемлекет басшысына мәлім етті. Оның айтуынша, мұнайөнімдерін өңдеу саласында да оң динамика бар. Яғни өңдеу көлемі былтырғыкөрсеткішпен салыстырғанда 3,1 пайызға өскен. Осының нәтижесінде жыл басынанбері нарықтағы бөлшек саудада баға төмендеген. Әсіресе бензиннің АИ-92 маркасы6 пайызға арзандаған.

Кездесу барысында министр мұнай химия саласына да тоқталып, бірқатар жүйеліжұмыстарды баяндады. Бұл жайында толығырақ мына материалдан оқып білугеболады.

Соңғы жаңалықтар