«ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік бөлімшесінің алдында сөйлеген сөзімде заманауи аймақтық қақтығыстарды бағалау кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын басшылыққа алу керек екенін айттым.
Қақтығыстар БҰҰ Жарғысының екі қағидаты – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен ұлттардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы арасындағы қарама-қайшылықты айқындап берді. Бүгінде әлем өзінің даму бағытын анықтап алды, яғни, мемлекеттің территориялық тұтастығына басымдық беріледі. ҚР Қарулы күштерінің басты міндеті – еліміздің аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және азаматтарымыздың тыныштығын сақтау», - жазды Президент twitter парақшасында.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бітімгершілік даярлық оқу орталығына жоғары баға берді.