Президент Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерін марапаттады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байшолақов Азамат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі

Есенов Ерік Өмірбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы

Фото: Ақорда

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Ержанұлы Ертілек – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі (анықтаушысы)

Жаналиев Нұрбол Арысланбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аға тергеушісі

Өмірбеков Ержан Малғаждарұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары

Ысқақов Мұстафа Шорманұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі (анықтаушысы)

Фото: Ақорда

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Ағжанбаева Әлия Серікқызы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тәуекелдерді бағалау ұлттық орталығының басшысы марапатталды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында сөйлеген сөзінде агенттік алдында көптеген күрделі әрі маңызды міндет тұрғанын атап өтті.

Фото: Ақорда