Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Гянджлик резиденциясында қарсы алды
14:40, 24 Қараша 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің Гянджлик резиденциясына барды, деп хабарлайды Kazinform.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің Гянджлик резиденциясына барды», — деп жазды Ақорда желідегі ресми парақшасына.
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын.