НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында жоғары деңгейдегі пікірталас өтіп жатыр.
Jibek Joly телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзін тікелей эфирде көруге болады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және 24kz телеарнасы эфирінен көруге мүмкіндік бары хабарланған болатын.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.