Президент Қазақстан-БАӘ арасындағы ЖЭС-ке қатысты келісімді ратификациялады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі бірлесіп жел электр станциясы жобасын іске асырады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталғанын жазғанбыз.
11 мамыр күні елімізге Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахаян ресми сапармен келді. Kazinform тілшісі сапардың маңызы мен екіжақты қатынастың даму бағдарын сараптап көрді.