Президент Қазақстан мен Аустрия арасында заңсыз жүрген адамдарға қатысты құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Аталған келісімге 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты — ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттер аумағында жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құру.

Келісім ел аумағында болу шарттарын бұзған немесе заңсыз кірген адамдарды өз еліне қайтаруды көздейді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған, яғни құжаттарын жағалтқан адамдарға да қолданылады. Реадмиссия бойынша қайтарылған азаматтарға әкімшілік айыппұл немесе мемлекеттен шығару сияқты санкцияларды қолданбайды. Қазіргі кезде реадмиссия институты 21 елмен белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.