Президент Қазақстан мен Польша арасындағы реадмиссия мәселесіне қатысты заңға қол қойды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.