АСТАНА. KAZINFORM - Ақорда Президенттің Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы құжатты мақұлдағанын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазылған ресми сайтта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.