Президент Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісін тағайындады
12:37, 17 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетелік Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі лауазымынан босатылған еді.
Сондай-ақ бүгін Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған еді.