Президент Қазақстанның Польшадағы елшісін тағайындады
17:56, 07 Маусым 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Баймұхан Марғұлан Бақытұлы Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Марғұлан Баймұхан ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Ол Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінде кеңесші болып істегені белгілі.