«Аға буынның өнердегі жолын қазіргі жастарымыз лайықты жалғастырып келеді. Осы сабақтастықты сақтау өте маңызды. Халқымыз «Ел іші – өнер кеніші» деген. Бүгінде көптеген ұл-қыздарымыз ерекше дарынымен бүкіл әлемді таң қалдыруда. Тіпті, қазақ фонемені деген ұғым пайда болды. Димаштың бірегей өнеріне тәнті болған түрлі елдің азаматтары Қазақстанның Әнұранын айтып, көк туын желбіретіп жүр. Өнердің құдіреті дегеніміз де осы» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы шын мәнінде өнер адамының басты миссиясы халықтың рухын көтеру екендігін баса айтты.
«Ал рухы биік, мәдениеті жоғары ел кез келген белесті бағындыра алады. Сондықтан мемлекет талантты жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеді», - деді Президент.