Президент Кемел Тоқаев атындағы мектеп пен биыл салынған амбулаторияны аралады

 Білім ошағы 1963 жылы салынған, деп хабарлайды Kazinform.  

Фото: Ақорда

1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген.

Фото: Ақорда

Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды.

Фото: Ақорда

Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

Фото: Ақорда

Сондай-ақ осы күні Президент биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты.

Фото: Ақорда

Аталған медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады.

Фото: Ақорда

Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.