Президент соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағын берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды,-делінген хабарламада.