Президент Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды
11:33, 03 Қаңтар 2026
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.