Президент Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады
11:04, 21 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Ақорда Президенттің Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялағанын мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.