Президент Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды
12:36, 13 Қазан 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazinform.
"Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды", - деп жазды Ақорда желідегі ресми парақшасында.