Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады.

—  Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай.

Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы — Ұлытауда;

2023 жылы — Түркістанда;

2024 жылы — Атырауда;

2025 жылы — Бурабайда өтті.

Осыдан бұрын бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секцияларының отырысы басталатынын жазған едік.

Сонымен қатар бұған дейін Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданғанына шолу жасадық.