Президент көмекшісі Еуропадағы дипломатиялық миссияларды қайта құруды түсіндірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуовтың Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар Еуропа елдеріндегі дипломатиялық миссияларын қайта құрылуына қатысты түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтаурәсімінде сөйлеген сөзінде көпвекторлы сыртқы саясаттың «елімізге, ұлттықбизнеске, әр азаматымызға нақты пайдасын тигізуі тиіс» екенін айтты.

Отандықдипломатиялық қызмет әлемнің кез келген жерінде ұлттық мүддемізді нық қорғауытиіс. Бұл ретте, саяси прагматизм мен экономикалық мақсатқа негізделген тиістібасымдықтарды анықтаудың маңызы аса зор.

ҚазақстанРеспубликасының сыртқы саясатында еуропалық елдердің алатын орны айрықша.Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді іскеасыру үшін еуропалық тараппен жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. Еуроодақтың ОрталықАзия бойынша биылғы маусымда қабылдаған жаңартылған стратегиясы серіктестіктінығайту үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады.

Еуропалықодақ – Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі.Еліміздің сыртқы сауда айналымының және Қазақстан экономикасына тартылғантікелей шетелдік инвестицияның жартысы Еуропалық одақ мемлекеттеріне тиесілі.

Осығанбайланысты, Қазақстанның Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия жәнеЭстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәртебесінберу – Еуропа мемлекеттерімен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге бағытталғанмаңызды қадам.

Қазіргіуақытқа дейін осы елдерде біздің дипмиссияларымыз бен консулдықтарымыз ғанажұмыс істеді. Бұл аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты қарқындыдамытуға толық мүмкіндік бермеді.

Жоғарыдакөрсетілген мемлекеттердің Елшіліктері Қазақстанда тиісті деңгейде жұмысістеуде. Осыған орай, біздің серіктестеріміз Нұр-Сұлтан тарапынан лайықты қадамжасалатынына сенім білдіргендерін атап өту қажет.

Ауқымыжағынан шағын Елшіліктерімізді қаржыландыру мәселесі жұмыс істеп тұрғандипломатиялық миссиялардың бюджеті шеңберінде қарастырылған. Бұл – әлемдіктәжірибеде бар тәсіл, яғни мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктердің ықшам,кәсіби, тиімді құрамы негізінде сапалы әрі нәтижелі қызметке баса назараударады.

Осылайша,Қазақстан Президентінің СІМ ұсынысы бойынша қол қойған Жарлығы ЕуропалықОдақтың маңызды серіктестерімен қарым-қатынастарды дамытуға тың серпін беруүшін қажетті әрі орынды шешім болды. Аталған бастама мемлекетіміздің сыртқысаяси және сыртқы экономикалық қызметін әртараптандыруға арналған міндеттердіжүзеге асыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар