Президент Қорғаныс министрлігінің жұмысын сынға алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны көрініптұр. Алайда біз қазір жүйелік кемшіліктердің, сондай-ақ әскери ведомствотарапынан бақылаудың әлсіреуінің салдарымен күресіп жатырмыз. Қорғанысминистрлігі жүйесіне келгеніңізге көп болған жоқ, алайда саладағы жағдайғатолық жауаптысыз. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндетуындаған жағдайға қанағаттанбаймын. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын»,- деді Мемлекет басшысы.

Осы орайдаПрезидент Арыстағы жарылыстың салдары өте ауыр екенін атап өтті.

«Біз күш-жігердіосы салдарды жоюға жұмылдырдық. Қаланың басым бөлігі қирады», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Президенті Нұрлан Ермекбаевқақатаң сөгіс жариялағаны туралы хабарлаған болатынбыз.