Президент «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысты

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қзыметі.

Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Фото: Ақорда

Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Фото: Ақорда

Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.

Фото: Ақорда

Осыған дейін Президенттің жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барғаны туралы жаздық.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда