Президент Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін жазғанымыздай, Бельгиядағы қазақтар сол жақта жерленген қазақстандық майдангерлерді еске алды.