Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін жазғанымыздай, Бельгиядағы қазақтар сол жақта жерленген қазақстандық майдангерлерді еске алды.