Президент: Қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі
«Қорықшы-инспекторларҚаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғаужолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз!
Қ.Нұртазиновтіңотбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Имандыболсын!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Президент қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау жәнебраконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігінатап өтті.
Еске сала кетсек, Ақмола облысының Жарқайың ауданында киік аулағандар ізінетүскен екі инспекторды атып жарақаттаған. Кейінірекжарақат алған қорықшының бірі қайтыс болғаны хабарланды .
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқаназаматтың отбасына көңіл айта отырыпкиіктерді атқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Ал ҚР Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент тапсырмасына сәйкесқылмыстық заңнама күшейтілетін мәліметті.
Ал, ҚРІІМ қорықшыны өлтірген күдіктілерді қалай тапқанын айтып берді.