Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.