Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасынан басым түсті.

Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

Көптеген хоккейші Қазақстан олимпиадалық құрамасына шақырту алған. Сондықтан елордалық команда сапында клуб жүйесіндегі жас ойыншылар өзінің шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Соған қарамастан елордалық клуб қарсыласынан басым түсуге мүмкіндік алды. Есепті алғашқы болып ресейлік клуб ашып кетті. Оған елордалық клуб сапынан Дамир Жафяров мен Уилл Бутчер екі голмен жауап қайырды.

Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

Осылайша қазақстандық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» 15 тамызда Қазақстан олимпиадалық құрамасымен кездеседі.

Сондай-ақ бұл күні «Амур» мен «Лада» шеберлік байқасады.

Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

Ал 17 тамызда Қазақстан құрамасы мен «Амур». «Барыс» - «Лада» ойнаса. 18 тамызда 3-орын үшін ойын мен финал өтеді.

Елордалық клуб бұдан кейін 20-25 тамыз аралығында Ресейдің Омбы қаласында өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Олар Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір), «Трактор» (Челябі) және «Авангард» (Омбы) ұжымдарына қарсы ойнайды.

Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан олимпиадалық құрамасы Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына есе жіберді.