Алғашқы турда қазақстандық хоккейшілер Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына есе жіберген еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде олар жеңіске жету жолын іздеді.
Ал бірінші ойынында «Барыс» Ресейдің «Амур» (Хабаровск) клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойын барысында алғашқы минуттан еліміздің олимпиадалық құрамасының белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан 6-минутта Эдуард Михайлов есеп ашса, 20-минутта Кирилл Панюков басымдықты арттырды.
Ал Әлихан Әсетов 38-минутта мергендік танытса, 46-минутта Руслан Оспанов 46, Роман Старченко 57-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша Қазақстан олимпиадалық құрамасы «Барыстан» 5:0 есебімен басым түсті.
Енді 17 тамызда Қазақстан құрамасы мен «Амур». «Барыс» - «Лада» ойнаса, 18 тамызда 3-орын үшін ойын мен финал өтеді.
Қазақстандық хоккейшілер финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен ойнайды.
Шайбалы хоккейден Қазақстан олимпиадалық құрамасын ҚР Президенті кубогына Олег Болякин дайындады. Оған Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов көмекшілік жасады.