Президент кубогы – 2019: «Барыстың» құрамы және ойындар кестесі жарияланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы «Барыс Аренада» шайбалы хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы - 2019» Халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Биыл оныншы мерейтойын атап өтетін беделдідодаға «Барыс», «Автомобилист» (Екатеринбург), «Ак Барс» (Қазан), «Нефтехимик»(Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) командалары қатысады.

Ойындар кестесі:

7 тамыз (сәрсенбі)
15:00 «Нефтехимик» – «Автомобилист»
19:30 «Барыс» – «Ак Барс»

8 тамыз (бейсенбі)
15:00 «Ак Барс» – «Салават Юлаев»
19:30 «Барыс» – «Нефтехимик»

9 тамыз (жұма)
15:00 «Ак Барс» – «Нефтехимик»
19:30 «Салават Юлаев» – «Автомобилист»

10 тамыз (сенбі)
13:00 «Нефтехимик» – «Салават Юлаев»
17:00 «Автомобилист» – «Барыс»

11 тамыз (жексенбі)
13:00 «Автомобилист» – «Ак Барс»
17:00 «Салават Юлаев» – «Барыс»

«Барыстың» осы турнирге жариялаған құрамы:

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале,Денис Қаратаев.
Қорғаушылар: Егор Шалапов, Леонид Метальников, Максим Семёнов, Джесси Блэкер,Кирилл Полохов, Даррен Диц, Виктор Сведберг, Никита Клещенко, Валерий Орехов,Алексей Маклюков.
Шабуылшылар: Никита Михайлис, Кёртис Волк, Егор Петухов, Ярослав Евдокимов,Павел Акользин, Корбэн Найт, Кирилл Панюков, Дастин Бойд, Адам Хелука, РоманСтарченко, Аркадий Шестаков, Дмитрий Гурков, Максим Мусоров, Ииро Пакаринен,Батырлан Мұратов, Антон Сагадеев, Валентин Разумняк, Дмитрий Шевченко, Әлихан Әсетов.

QAZSPORT телеарнасы ойындардың бірін қалдырмайкөрсетеді. Тек «Барыс» – «Нефтехимик» матчы ғана жазып алынып, кейін (8 тамызкүні 19:30-да) эфирге беріледі. Қалған ойындарды тікелей эфирден тамашалауғаболады. Интернетте де трансляция жүргізіледі.

Билеттер мұз айдынының кассасында сатылады. Кассакүнде 11:00-ден 20:00-ге дейін үзбей жұмыс істейді.

Телефон: +7 (7172) 61 35 19. Кассадан бөлек билеттердіtickets.hcbarys.kz сайтынанда алуға болады.

Ойындарға жанкүйерлер төрт «Shuttle-Bus» бағдарыментасымалданады. Автобустардың жүру кестесін мынажерден білуге болады.

Соңғы жаңалықтар