Президент кубогы: Финалда шаршы алаңға кімдер шығады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бокстан Қазақстан Президенті кубогының жартылай финал ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасындажартылай финалға Өзбекстаннан келген жеті боксшы шыққан еді. Дегенмен олардыңешбірі финал жолдамасына қол жеткізе алған жоқ. Атап айтқанда, 57 келіде ІлиясСүлейменовтің қарсыласы Миразизбек Мирзахалилов жекпе-жектен бас тартса, 75келідегі Тұрсынбай Құлахметпен қолғап түйістірген Ражаббой Атаназаров біріншіраундтан кейін алған жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. СондықтанПрезидент кубогы финалында негізінен қазақстандық боксшылар өзара шеберлікбайқасатын болды. Олардың қатарында ресейлік Вадим Туков 75 келіде ТұрсынбайҚұлахметпен шаршы алаңға шықса, 63 келіде үндістандық Тапа Шива ЗакирСафиуллинмен бақ сынасады.

Тағы бір айтакетерлігі, 57 келіде әлем чемпионы Қайрат Ералиев Алматы облысынан келгенРустам Рустамовқа жол беріп қойды.

Ал 63 келідеЗакир Сафиуллин соңғы Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан тәжік жігітіБаходур Усмоновты орта жолда қалдырып кетті. Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит жасөспірімдер арасындағыОлимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбаймен қолғап түйістіреді.

Ал қыздарарасында 51 келіде Назым Қызайбай мен Жайна Шекербекова қолғап түйістіреді.Сондай-ақ, 2016 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Алуа Қожабекова 2016 жылғыЕуропа чемпионы ресейлік Дарья Абрамовамен шаршы алаңға шығады.

Қыздар арасындаресейлік Дарья Абрамова (57 келі), Елена Галешина (75 келі), қытайлық Ян Ли (69келі) және үндістандық Парвин (60 келі) финалға шықты. Қалған боксшылардыңбарлығы - қазақстандықтар.

Естеріңізге салакетелік, финалдық жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де басталады.Жекпе-жектер Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге салакетелік, бұдан бұрын жартылай финалға шыққан боксшылар жайында хабарлағанедік.

Соңғы жаңалықтар