Президент кубогы: Қазақстандық жасөспірімдер чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті кубогына арналған футболдан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біздің жас өрендер финалда Тәжікстан құрамасымен кездесіп, қазақстандық футболшылар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын үшінші орын үшін сайыста Литва құрамасы біздің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді 3:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Ал 5-орын үшін сайыста Армения Қырғызстаннан 2:1 есебімен басым түсті.

Халықаралық турнир 2008 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Еліміздің 17 жасқа дейінгі құрамасы екі мәрте чемпион атанды.