Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы 51 келі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік Манью Ириштан айласын асырса, осы салмақта сынға түскен тағы бір әлем біріншілігінің жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы Жайна Шекербекова өзбекстандық боксшы ару Турсыной Рахимованы жарыс жолынан тайдырды.
Естеріңізге сала кетейік, бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы халықаралық турниріне ерлермен қатар бұрымды аруларымыз да үш салмақ санатында (51, 60 және 75 келі) сынға түсіп жатыр.
51 келі салмақта Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Севара Тәжіқұлова, Айгерім Қасенаева сынға түссе, 60 келі салмақта Карина Ибрагимова, Айжан Ходжабекова, Римма Волосенко және Ұлбала Әлменова өнер көрсетуде. Ал әйелдер арасындағы ауыр салмақ саналатын 75 келіде Дариға Шакімова, Виолетта Князева, Ақбота Исағұлова, Ақерке Бақытжан және Фариза Шолтай өнер көрсетеді.