Президент күні ел тарихындағы елеулі күн болып қала бермек - Ғ.Қапақов, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары

None
ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - Қазақ елі үшін тарихи таңдау күні. Бұл күні біз ел болып ең алғаш рет тұңғыш Президентімізді таңдадық. Осыған орай Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов өз ойын былайша тарқатады.

- Жылдар өткен сайын біздің әр отбасымыз үшін осы тарихи таңдаудың маңыздылығы да, мәні де айқын көріне бастады, деді ол. Уақыт бәрін көрсетті, қоғамның даму нәти​жесі белгілі болды. Ел барлық ұрпақ үшін жақсы өмірдің іргетасы қаланып жатқан​дығын түсінді. Қандай да бір қиындық бол​масын, Ұлт көшбасшысымен бірге биік мақсатқа ұмтылып, жеңістерге жете біл​дік деп айтуға болады.

Қазір бәріміз де сауаттымыз, алды-ар​​тымызды түсіне білетін жағдайға жеттік. Керек десеңіз, қандай тақырыпта, қандай ақпарат аламын десеңіз, барлық мүмкіндік бар. Мұның өзі біздің көзіміз ашық, саналы қоғам мүшесі болып қалыптасуымызға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан алып қарасақ, өткен өмір​ге көз салсақ, біздің Тұңғыш Президентімізді алғаш рет бүкіл халық болып сайлады. Елбасымыз еліміз үшін өте күр​делі қиын кезде Қазақстанның тұ​рақты дамуы үшін бар ауыр жүк пен жауапкершілігін мойнына алған еді.

Меніңше, осыны әрбір қазақстандық азамат ой елегінен өткізіп, жүрегімен дұрыс түсіну керек. Менің ойымша, тү​сіну деген - елдің бірлігі мен татулығын сақтай отырып, елдің болашағы үшін күш-жігерімізді аямай, Президенттің қа​сына топтаса білу. Президентке адал​ды​ғымызды құр сөзбен емес, жақсы да нақты істермен көрсете білу.

Біз Президентті алғаш рет сайлағанда тек қо​ғамды нығайтудың нышаны мен ке​​пілі ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағында негізгі фактор екенін түсіндік. Біз саналы түрде нағыз Ұлт көш​басшысын таңдадық. Ал бүгінгі Қазақ​стан​ның жетістіктері біздің осы тағдыр​лы шешіміміздің дұрыс қабылдағанын көрсетті.

Елбасымыздың күтпеген және мықты идеялары көпшілікті аса таң қалдырды және елімізде түрлі ой-көзқарас тудырды. Ал осыған куә болған уақыт бұл ше​шімнің дұрыстығын, саяси көрегенділігін дәлелдеді.

Осы жылдары Н.Ә.Назарбаев ел би​леу ісінің әлемдік тәжірибесін игеріп қа​на қоймай, өмірде болмаған көптеген жаңа​шылдықтар енгізе білді. Соның бірі - өмірге келген Қазақстан халқы ассамблеясы.

Кезінде еліміздегі халықтардың форумы​нан бастау алған Қазақстан хал​қы ас​сам​блеясына бос әурешілік деп қарау​шылар да болған. Бірақ Елбасымыз​дың көрегендігі, ұлт мәселесіне ай​рықша ден қоюы ассамблеяның мемле​кеті​міздің ең бір беделді ұйымына айналуына алып келді.

Жаңа Конституция қабылдау және Пре​зидент өкілдігі жөніндегі екі референдум да осы ассамблеяның ұсынысына орай ұйымдастырылды. Ассамблея өз сес​сияларында ұлтаралық жарасым мәселелерімен қатар, мемлекеттің ең өзекті деген жағдайларын да талқылап, оның мүмкіндігін ұлғайта түсті.

Ассамблеяның сессия жұмысына бү​кіл Қазақстандағы тіркелген шетел дип​ломаттарының, сенаторлар мен Мә​жіліс депутаттарының, министрлердің қа​ты​суы, оның мүмкіндіктерінің молая түс​кенін көрсетеді.

Ассамблеяның өзара түсінісушілік сұх​бат алаңы халықтың зор қолдауына ие болды. Шынында да, ол ел саясатының басты тірегіне айналды. Осы жылдары бұл ұйым бейбітшілік пен келісім, кемел даму мен тұрақтылықты арқалаған, гүл​дену мен табысқа қол жеткізуге асық​қан тәжірибелі көшбасшының се​німді серігі бола алды.

Тұңғыш Президентті сайлау - бұл ха​лықтың егеменді елі үшін, жарқын бола​шаққа деген алғашқы қадамдарының бі​рі. Президентімізді алғаш сайлаған күн​​нен бастап, тәуелсіздігімізді жария​​лау, оның берік орнығуымен, өркендеуімен бай​ланысты істелген шаралар ұшан-теңіз.

Жақында ғана Астана қаласының 2017 жылы мәртебелі халықаралық "ЕХРО" көрмесінің өтетін орны ретінде таңда​луы халыққа тағы да бір қуаныш алып келді. Ас​танада "ЕХРО-2017"-ні өткізудің өзі - эко​номикалық прогреске қарқын беретін тарихи оқиға. Өйткені көрме тақырыбы өте өзекті әрі сан қырлы. Бұл - біздің еліміздің әлемді жақсартуға талпынысы.

Қоғам өміріндегі достық қарым-қаты​настар нығайтылып, республика азаматтарының тату-тәтті өмір сүріп жатқанды​ғы - ұлы тұлғаның игі істерінің жемісі деп білеміз. Еуропа мен Азия қиылысында орналасқан көпұлтты Жайық өңірінде жұрт​шылық осыны терең сезініп, жақсы біледі.

Н.Ә.Назарбаевтың жүзеге асқан идея​лары мен жобалары әлемде жоғары ба​ғаланды. Әлемдік деңгейдегі бәсекеге қа​​білетті мемлекетті орнаттық. Бұл - қа​зір​гі кезде бұлтартпас ақиқат. Бұл Елба​сы​ның әлемдік саясатта негізгі тұлға болғанын көрсетеді.

«Бұдан да басқа кеудеге мақтаныш сезімін ұялатып, жар сала айтатын же​ңістер жеткілікті. Бұның бәрінің бастамасы Тұңғыш Президент күнінен басталады. Сондықтан бұл күнді мейрам етіп тойлау - ол да бір еліміздің тарихында еленбей келген маңызды күннің ортамызға оралуы деп білеміз, деп түйіндеді ойын Ғ.Қапақов.