«Қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Оны жиі түзету мен өзгеріс енгізу құқықты қолдануға кері ықпал етеді және біркелкі тергеу және сот практикасын жасауға мүмкіндік бермейді», - деді Қ. Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялауда.
Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.