Президент Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунмен кездескені белгілі. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда

— Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ли Сянь Лунның Қазақстанға алғашқы сапарын тарихи оқиғаға балады.