Президент Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады.

— Қазақстан Люксембургпен арадағы достыққа, өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ықпалдастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашатынымызға сенімдімін, — делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарғанжауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 6-7 қазан күндері Әзербайжанға сапармен барады.