Президент Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңа агенттік Алматы қаласында орналасады.

Соңғы жаңалықтар