Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің Мәскеуге жұмыс сапарымен барғанын хабарлағанбыз.