«Мен бұған дейін бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы тапсырма берген болатынмын. Осы тапсырманы тағы да естеріңізге саламын. Бұл ретте қаржыны жергілікті жерде көбірек қалдыруға мән берген жөн», -деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті елімізде 3 жылдан бері «Қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
«Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - ішкі нарықты халық тұтынатын отандық тауармен қамтамасыз ету. Алайда осы кезеңде экспорт көлемі бұрынғы деңгейде қалып, импорттың үлесі 8 пайызға өскен. Үкімет мұның себебін анықтауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.