Президент мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңға қол қойды
17:30, 10 Шілде 2013
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы заң көмегін көрсетуді регламенттейтін құқық нормаларын жетілдіруге және жүйелендіруге бағытталған «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.