Президент мемлекеттік бағдарламалар санын қысқартуды жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалар санын қысқартуды жүктеді.

«Мемлекеттік бағдарламалардың санын қысқарту қажет, ал салалық бағдарламаларды мүлдем алып тастау керек. Салалық бағдарламалардың маңызды тұстарын стратегиялық жоспарларға қосу ұсынылады»,-деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер рөлін күшейту керектігін атап өтті.

«Бұл кеңестер стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды талқылау мен орындауға, өңірлерді дамытуға міндетті түрде қатысады. Тіпті жергілікті жерлерде бюджеттерді құру кезінде де атсалысады»,-деді Н. Назарбаев.