«Әлем және онымен бірге біздің қоғам өзгергенін түсінуіміз керек. Бұрынғы қадамдар, инструментарилер қарқынды түрде тиімділігін жоғалтуда. Реформалар қажет және ескі проблемаларға жаңа шешімдер жасау қажет», - деп тоқталды Президент.
Қ. Тоқаевтың атап өтуінше, мемаппараттың тиімділігін арттыру мәселесіне тоқталды.
«Сондықтан мемаппараттың тиімділігін арттыру, оның қоғаммен өзара іс-қимылын қайта жүктеу үшін Президент Әкімшілігіне Үкіметпен бірлесе Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл маңызды мәселе, осы орайда алдағы жылы оның жобасын Үкіметтің отырысында талқылаймыз, сондай-ақ оны Ұлттық кеңестің отырысында қарастыруымыз мүмкін», - деді Мемлекет басшысы.