Президент мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.