Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.
Комиссияның жұмыс органы — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Скляр Роман Васильевич — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Ерғалиев Әсет Арманұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы
Жұманғарин Серік Мақашұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі
Мәдиев Жаслан Хасенұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Жазықбай Дархан Медеғалиұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы — Астана қаласының әкімі
Ахметжанов Марат Мұратұлы — Ақмола облысының әкімі
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы — Алматы қаласының әкімі
Ақшолақов Болат Оралұлы — Атырау облысының әкіміБаймановШахмардан Асқарұлы — Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Есімханов Сұңғат Қуатұлы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
Каринова Шолпан Таңатқызы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Смышляева Екатерина Васильевна — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
Лукин Андрей Иванович — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесіМусин Бағдат Батырбекұлы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесіШайымова Айгүл Амантайқызы — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы
Айта кетейік, бұған дейін Президент «Халықтық құрылыс» бойынша комиссияның құрамын бекіткен болатын.