Президент мемлекеттік сатып алуға қатысты заңға қол қойды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысына 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспары баяндалғанын жаздық.

Сонымен қатар, Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдағаны белгілі болды.