— Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Мемлекет басшысына 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспары баяндалғанын жаздық.
Сонымен қатар, Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдағаны белгілі болды.