Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
11:50, 25 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Бұл туралы Ақорданың аспасөз қызметі хабарлады.
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын.