Жарыс сағат 12.00-де «Хан шатыры» сауда-ойын орталығында басталып, «Бәйтерек» монументінде аяқталды.
Қызметкерлері жүгіріске белсенді қатысқан мемлекеттік орган жетекшілері, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаяхметов, Республикалық гвардияның қолбасшысы Абай Тасболатов, қаржы министрі Болат Жәмішев көтермелеу грамоталарына ие болды.
Әйелдер арасындағы алғашқы алты орынды Кәмила Баранник, Жақсыгүл Мұсылман, Нүргүл Сүлейманова, Ардана Кишлярова, Светлана Имангажина, Шынар Рахат алды.
Ерлер арасында Кұдайберген Зейнуллаев, Александр Щекотихин, Никита Девяткин, Арыстан Әмірбеков, Айдын Сапарханов, Аслан Досымбековтер жүлдегер атанды.